Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысындағы ескі мектеп апатты жағдайда тұр

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2020
  • 3005

Түркістан облысы Мақтарал ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы ескі мектеп апатты жағдайда тұр. Балаларының өміріне алаңдаған ата-аналар редакциямыздан көмек сұрады. Қабырғасы сөгілген Хиуаз Доспанов мектебі 1976 жылы салыныпты. Содан бері жөндеу көрмеді дейді тұрғындар. Қазір мектепте бастауыш сынып оқушылары ғана білім алады. Ал, ересек балалар көрші Жантақсай ауылына қатынап оқиды. Тұрғындар жергілікті әкімдікке де шағымданған. Алайда, екі жылдан бері құрғақ уәдемен шектелді деп отыр.
  
Гүлзада КҮНГИЛОВА, ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әжетханасы толып кеткен. Мектептің түрі мынау. Екі жыл бұрын қозғалып еді. Әне истейміз, міне істейміз деп сонымен әлі сол қалпы.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Дәл қазір осы мәселеге жауапты Түркістан облысы, Мақтарал аудандық білім бөлімімен байланысып көрейік. Бізбен телефон арқылы байланысқы бөлім басшысы Мұратбек Серікбаев бар екен. Қайырлы кеш, Мұратбек мырза! Президент білім саласына ерекше ден қоюды тапсырған еді, білім беретін киелі ошақтың осындай ахуалға түсуіне не себеп? Ата-аналар балалардың болашағына алаңдап отыр. Мәселені енді қалай шешпексіздер?


Мұратбек СЕРІКБАЕВ, МАҚТАРАЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазір ол жерде 20-ға жуық бала білім алады. Қалғаны көрші ауылдағы мектепке қатынайды. Оларды да тасымалдап оқытуды көздеп отырмыз. Егер ата-аналар келіспейтін болса, онда мектепке жөндеу жұмыстарын жасаймыз. Биыл қаржы бөліп, жыл соңына дейін бітіреміз.

Оксана ПЕТЕРС,ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Байланыста болған Мақтарал ауданы Білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев. Бізге де бұл мәселенің қалай шешілгені маңызды, сондықтан жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.


Ғ. Өтемісов