Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жастарға арналған жоба басталды

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2020
  • 2742

Алматыда жастарға арналған жаңа "ТОР 100" жобасы басталды. Еріктілер жылына орайластырылған жобаға, қалалық «Jas Otan» жастар қанаты мұрындық болды. Ұйымдастырушылар 100 белсенді студентті қаладағы әр жоғары оқу орындарынан іріктеп алған.  Жастар жоба аясында шешендік өнер, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білу сынды қабілеттерге машықтанады. Сондай-ақ, тәлімгерлерге тайм менеджмент, психология және басқа шеберлік сағаттары мен семинарлар өткізіледі.

Мәди АХМЕТОВ, АЛМАТЫ қ. «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:
 
Алматы қалалық  «Jas Otan» жастар қанаты қаламыздағы белсенді студент жастардың арасынан көшбасшы боламын деген ұмтылысы бар, жастардың басын біріктіріп, «Топ-100» яғни жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жастардың басын біріктіріп отыр. Бұл үлкен бір платформа. Жәйден-жәй біріктіріп, екі аптаның ішінде бітіп қалатын жобе емес. Алдымыздағы наурыз және сәуір айына дейін  жалғасатын болады.


Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар арасында колледж студенттері де бар. Ұлттық университеттің бірінші курс тәлімгерлері де жобаға жаппай ат салысып жатыр.

Нағима ИБАДУЛЛАЕВА, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Осындай жобаларды мен асыға күтіп жүрген болатынмын. Өзімді дамыту үшін, көшбасшы қабілетімді арттыру үшін осындай жобалар керек деп ойлаймын жастарға. Негізі менің арманым кәсіпкер болу болатын, өзімнің кәсібімді ашып елге пайдам тигізетіндей сол арман мақсатыма бір қадам болсын жақындай түстім.

А. Лесбек