Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда үй аламыз деп алданып қалған тұрғындар шу шығарды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2020
  • 2749

Алматыда тағы бір топ адам жекеменшік компаниядан алдандық-деп шу шығарды. Бұл жолы сан соққандар тұрғын үй кооперативіне ақша салған. Сергелдеңге түскен салымшылардың жанайқайын Әсем Лесбек тыңдап қайтты.

Алматылық Хадиша Жұманова төрт баланың анасы. Ол тұңғышын үйлендіріп, жас отбасыға пәтер сыйламақ болған. Тойдан қалған қаражатты жаңа баспанаға жұмсадым дейді.

Хадиша ЖҰМАНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қаскелеңнен 1-2 адам үй алды деп естідім. Сол алғандар үй алдық, жақсы мына компания дегеннен кейін барып. Төрт миллион салдым 2018 жылы қараша айында. Енді жоқ ақша да, квартира да.
 
Салымшыларды компания жарнасын төлесең, баспана алып береміз деп сендіріпті. Бірі сегіз жүз мыңдап ақша салса тағы бірі 5 миллион теңгеге дейін санап берген. 

Айнұр ДӘУІТ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

2018 жылы май айында естідік. Олар бізге пәтер алып береміз деп, 20 пайыз біз алғашқы жарнасын құйдық. Үш ай мен 12 айдың ішінде алып береміз деген негізі. 00/37 Құярдың алдында оларды тексердік, Egov арқылы, заң жүзінде тіркелген. Бәрі бар. Кәдімгідей заңды түрде жұмыс істеп жатыр. Через «Форте Банк» арқылы шоттарына ақша салдық.
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Үлескерлерге уәдені үйіп төккен компанияның кеңсесі бүгінде жабық тұр. Салымшылар шағымымыздан кейін даулы мекеме өз жұмысын тоқтатқан дейді. Десе де қаражатымыздың қайтатын түрі жоқ деп отыр.

Істің-ақ қарасын білу үшін компания басшысы ұялы телефонына бізде хабарласып көрдік.

Құр уәдеге тойған жұрт полицияға арыз жазған. Сөйтсе аталмыш мекемеге қаламыздың 64 азаматы шағым түсіріпті. Тергеушілер кооперативтің жинаған ақшасы 200 миллион теңгені құрайды дейді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сезікті азамат полицияға жеткізіліп түсініктеме берген. Сұрақ-жауап кезінде өзінің кінәсін толығымен мойындады. Ақшаны алғанын да. Полицияға жеткізілген  кезде оның аяғы ауыр еді. Білуімізше ақпан айында босанды. Бұл азаматша қылмыстық жауапкершіліктен босатылады деген сөз емес. Міндетті түрде заң алдында жауап беретін болады.

Қалалық полиция өкілдері компания басшысына алаяқтық дерегімен іс қозғаған. Егер кінәсі дәлелденсе 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал қазір аталмыш мекеменің барлық шоттарын бұғатталған.

Ә. Лесбек