Русский Сайттың толық нұсқасы

Учаскелік инспекторды балтамен ұрып құлатқан қостанайлық қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2020
  • 2010

Полицейге балтамен шабуыл жасаған Қостанай тұрғыны қамауға алынды. Енді ол билік өкіліне күш көрсеткені үшін 3 жылға сотталуы мүмкін. 49 жастағы әйел бұған дейін бірнеше рет тәртіп сақшыларына тіл тигізгені үшін әкімшілік жазаға тартылған көрінеді. Ал, жарақат алған учаскелік инспектор медициналық көмек көрсетіліпті. Заңғар Санай жағдайды баяндайды.

Мас ұлын әкетіп бара жатқан полицейлердің соңынан ілесе шыққан шешесі, әуелі оларға тіл тигізіп, балағатаған. Ашуға булыққан әйел, балтаны учаскелік инспекторға лақтырып, сұлатып түсірген.

Алмат РАМАЗАНОВ, УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР:

Баласын автопатрульге отырғызайын деп напарник, сол кезде артынан шешесі шықты. Халатының астына балтасын тығып қойған ғой. Сөйтіп бізге қарай лақтырғысы келген. Лақтырған бетте балтасы маған арқама тиді.

Полицейлер бұл отбасында жиі жанжал болып тұратынын айтады. Өйткені баласы маскүнемдер тізімінде тұр, деді. Ал көршілері болса, күдіктіні жамандыққа қыймайды. Жалғыз ұлынан туған немересін бағып отырған жан десті.

Диана ШАРОНОВА, КӨРШІСІ:

Елена баласын қорғағысы келген. Полицейлермен ұрысып жатыр деп ойлаған болар. Соңынан ере шыққан. Сосын полицейлерге тіл тиігізіп, балта лақтырған.

Бұл жағдай ақпанның 22 күні болған. Полиция бөліміне отбасылық жанжал жайлы хабарлама түскен соң, испектор Алмат Рамазанов әріптесімен бірге оқиға орнына жеткен. Сақшылар 27 жастағы мас жігітті далаға алып шыққанда анасы балтамен шабуыл жасаған. Учаскелік инспектор жеңіл жарақат алыпты, қазір ем-домнан соң қайта қызметіне кіріскен.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

ҚР Қылмыстық Кодексінің 380 бабы бойынша, яғни билік өкіліне күш көресткені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл кісі ешқандай жерде жұмыс істемейді. Және психикалық немесе алкогольдік есепте тұрған жоқ.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Билік өкіліне балта лақтырған күдікті қазір қамауда отыр. Ол бұған дейін де тәртіп сақшыларын балағаттағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған көрінеді. Сол үшінде енді оның жазасы ауыр болмақ. Кінәсі сотта дәлелденсе 3 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

З. Санай