Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирус Қазақстанға да келуі мүмкін, - Е.Біртанов

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2020
  • 2560

Коронавирус Қазақстанға да келуі қаупі жоқ емес. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деді. Қазір Қазақстанның Қытаймен шекарасы жабық. Сондай-ақ вирус тарап жатқан өзге мемлекеттерге әуе және көлік тасымалдарын азайтуды көздеп отыр. Министр, ауру "ошағы" - Ухань қаласында қалып қойған студенттен коронавирус анықталмағанын жеткізді. Егер ол елге қайтуға ниет білдірсе Қытайдағы елшілікке хабарласа алады деді. Мұнан бөлек, Қытайдан келген 24 мыңға жуық адам бақылауда болған, көпшілігі індеттен аман болғандықтан үйлеріне жіберіліпті.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Қазіргі күнде коронавирустық ауру бізде жоқ. Болмайды деп айтуға менің тілім бармайды. Оның себебі, тәуекел өте жоғары. Біз елімізде осындай науқастар болса инфекция таралатын болса қажетті шаралар дайындап жатырмыз. Бірақ барлық ауырған адам қырылып қалады деген ол дұрыс емес, оған сенбеңіздер!

Бүгінде қатерлі індетті әлім бойынша 83 мыңға жуық адам жұқтырған. 2 мың 800-ден аса науқас құрбанына айналды. Қауіпті вирус әлемнің 50 еліне тарап үлгерді. Қытай, Оңтүстік Корея, Италия сынды мемлекеттер дертті жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұр. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдай күрделене түскен Оңтүстік Кореяда 35 мыңнан астам отандасымыз бар екенін айтты. Оның 850-і ғана консулдық есепке тіркелген деп отыр. Ал Италияда 1800-ге жуық Қазақстан азаматы тұрады. Олардың небәрі 673-і консулдық есепте тұр. Иранда 170 отандасымыз бар.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Консулдық есепте 119 азамат тұр. Тегеран-Алматы-Тегеран рейсі әр Дүйсенбі сайын бір рейс жасайтын. Бірақ қазіргі уақытта бол әуе қатынасы тоқтатылды.

А. Данияр