Русский Сайттың толық нұсқасы

6 баласы бар Шымкент қаласының тұрғыны АӘК ала алмай отыр

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2020
  • 2964

6 баласы бар көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек ала алмай отыр. Бүгін редакциямызға осындай шағыммен Шымкент қаласының тұрғыны хабарласты. Айтуынша, шаһардағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау орталығы дер кезінде қоңырауға жауап бермедің деген сылтаумен тиісті көмекті тағайындаудан бас тартқан. Қала берді, 6 перзент тапқаны үшін берілетін «Күміс алқаны» да 1 жылдан бері ала алмай келемін, деді.

Майра САРТЫБЕКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Әлеуметтік көмекке мені ілдірмеді. Олар сіздерге звондадық-звондадық. Алмағаннан кейін, үйіңізді таппағаннан кейін бармадық. Сөйтіп мұқтаж емес деп, жазып жібердік. Мен өзім жалдамалып пәтерде тұрамын. 8 жылдан бері квартирада жүрмін. Өтініш осы мәселемді шешіп берсеңіздер!

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мән-жайды анықтау үшін Шымкент қаласының атқамінерлерімен хабарласып көрейік. Бізбен байланыста Қаратау ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік бөлімінің басшысы Нұржан Дүйсенов бар екен. Нұржан Асанұлы, кайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. Көп балалы ананың шағымын естідіңіз. Әлеуметтік көмектен қағылдым деп отыр. Бұған не айтасыз? Осылай сыртынан "тон пішіп", бөле салу қаншалықты заңды?

Нұржан ДҮЙСЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ӘЛЕУМЕТТІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл кісі қаңтар айында құжат тапсырған. Осы жылдың. Бұл кісі бізде Шымкент қаласында "Асар-2" ш/а тұрады. Ол жерде 40-тан астам көше мен 2 200 үй бар. Оның бірде-біреуінде көше атауы жоқ. Барлығы да жаңа құрылыстар да. Ал бұл кісі құжат тапсырған кезде аудан әкімдігі жанынан құрылған учаскелік комиссия бұл кісінің үйінің номерін таппаған. Телефон номері, қаншама үйдің адресін нақтылау үшін хабарласқан кезде, бұл кісі телефон көтермеген. Бұл бізге срок беріледі ғой. Сол сроктан біз кешікпеуіміз керек.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мәселені енді қалай шешесіздер? Атаулы әлеуметтік көмекті қашан алады?

Нұржан ДҮЙСЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ӘЛЕУМЕТТІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Енді бұл кісі сәуір айында қайта құжат тапсырады. Одан кейін қайтадан учаскелік комиссияға жолданады. Сол кезде қайта тексеріп, қорытынды беретін боламыз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы. Түсінікті. Ал, «Күміс алқа» неге 1 жылдан бері берілмей отыр?

Нұржан ДҮЙСЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ӘЛЕУМЕТТІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл күміс алқаға бізге қыркүйек айында құжат тапсырылған. Нұр-Сұлтан қаласындағы Президент әкімшілігі жанынан құрылған наградалар ісін қарайтын комиссия бар. Соған жолданған.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Арада жарты жыл өтіп кетті ғой.

Нұржан ДҮЙСЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ӘЛЕУМЕТТІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

"Күміс алқа" мен "Алтын алқа" 2 ай мен 6 ай арасында келеді. Нақты мына күні келеді деп біз айта алмаймыз. Біз хабарластық комиссияға. Ол кісілердің айтуы бойынша, осы наурыз айының соңына дейін бұл кісінің наградасын жібереміз деді. Осы айдың соңына дейін алатын болады.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Сұхбатыңызға рақмет! Бізбен байланыста болған Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты әлеуметтік бөлімінің басшысы Нұржан Дүйсенов. Біз бұл жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

А. Мүтәлі