Русский Сайттың толық нұсқасы

Экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға берілетін өтемақы басқа қалаға көшкен жағдайда тоқтатыла ма?

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2020
  • 5278

Экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға берілетін өтемақы басқа қалаға көшкен жағдайда тоқтатыла ма? Үржар ауданы, Некрасовка ауылының тумасы Дариға Утовлинова осы сұрақпен арнамызға хабарласты. Жұбайының денсаулығына байланысты 2013-ші жылы Алматыға көшкен. Содан бері зейнетақысына қосылып келген өтемақыдан қағылдық, дейді.

Дариға УТОВЛИНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шалым нашар ауырғандықтан біз операция үшін осында тіркеліп, операция апардық. Зейнетақы келгенде барсам кесіп тастапты. Содан кейін Халықты әлеуметтік қорғау орталығына барып сұрадым, олар айтады: сіздер мұнда Алматының таза ауасын жұтып жүрсіздер, сондықтан төленбейді, деп.

Бұл сұрақты біз халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдадық. Бізбен қазір байланыста министрліктің басқарма басшысы Жадыра Дәулетханқызы бар екен.  Қайырлы кеш, Сіз тікелей эфирдесіз! Көрерменнің уәжін тындадыңыз. Ережеге сай басқа қалаға көшкен жағдайда өтемақыдан айыру заңды ма?

Жадыра ДӘУЛЕТХАНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Олар енді қанша дегенмен өмірінің біраз бөлігін экологиялық апат аймағында өткізді. Басқа қалаға көшкенде өтемақыдан айыру қаншалықты әділ?

Жадыра ДӘУЛЕТХАНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Сұхбатыңызға рақмет! Айта кетейін, бізбен байланыста болған Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басқарма басшысы Жадыра Дәулетханова. Қымбатты көрермен, сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз. Экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады!

Ә. Өмірзақ