Русский Сайттың толық нұсқасы

"Шашыраңқы склерозбен" 2000-ға жуық қазақстандық ауырады

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2020
  • 1786

Қазақстанда шашыраңқы склерозбен 2000-ға жуық насқас бар. Бұл туралы ел астанасында өткен неврологтардың конференциясында айтылды. Мамандар дерттің жасарып келе жатқанын айтып дабыл қақты. Ұмытшақ ауруына душар болғандардың саны әлем бойынша 2 жарым миллионнан асады. Дүниежүзінің 50-ден аса елі күресіп жатқан бұл  дерттің әзірге емі жоқ. Шашыраңқы склерозды зерттеп жүрген Ресейлік профессор Алексей Бойко ауруға себеп болатын бірнеше факторды атады.

Алексей БОЙКО, МӘСКЕУ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:
 
Бұл ауруға шалдыққандардың басым бөлігі жастар. Соңғы кездері мектеп жасындағы балалардың арасында да кездесіп жатыр. Ауру "Д" дәруменінің жетіспеушілігінен, шылымға әуестіліктен пайда болады. Бүгін жан-жақтан келген әріптестерімізбен осы ауруды замануи емдеу жолдарын өзара талқылаймыз.

А. Данияр