Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада балабақшаға тегін бару мүмкіндігі қарастырылған сертификат табысталды

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2020
  • 2625

Елордада аз қамтылған көп балалы аналардың бүлдіршіндері мектепке дейінгі мекемелерге тегін барады. «Бақытты отбасы» жобасы аясында осындай мүмкіндік беретін 100 сертификатты бүгін "Нұр Отан" партиясы табыс етті. Бұл - «Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығымен» біріккен еңбектің нәтижесі. Айта кетсек, өткен жылы табысталған сертификат саны 4 есе аз болған. Жеке балабақшалардың қымбат екенін ескерген ұйымдастырушылар, жыл сайын сертификат санын көбейтуді де көздеп отыр.

Ерлан КАНАЛИМОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жекеменшік балабақшаға бару үшін бір балаға ай сайын 35 мың теңге қажет. Бір балаға 1 жыл ішінде 420 мың теңге шығады. Жүз балаға қауымдыстық мүшелері біздің меморандум аясында құны 42 млн теңге тұратын сертификат беріп отыр.

Ә. Өмірзақ