Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan-да» алдын ала партияішілік іріктеу 30-шы наурыз бен 16-шы мамыр аралығында өтеді

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2020
  • 2658

«Nur Otan-да» алдын ала партияішілік іріктеу 30-шы наурыз бен 16-шы мамыр аралығында өтеді. Бұл туралы Астанада Елбасының төрағалығымен өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысында белгілі болды. Нұрсұлтан Назарбаев осының арқасында ең белсенді партия мүшелерін анықтауға болатынын алға тартты. Сондай-ақ отырыста әлеуметтік жобаларға да тоқталды. Толығырақ, тілші материалында.

Астанада Елбасының төрағалығымен "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев партияны "қайта жүктеу" бағдарламасы мен "Бақытты отбасы" секілді әлеуметтік жобаларға оң бағасын берді. Кейіннен партия басшылығы мен депутаттарға тоқталды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партия басшылығы, мәжіліс және мәслихат депутаттары шалғай аудандардағы жағдаймен өздері барып танысуы керек. Адамдармен кездесіп, мәселелерді шешу маңызды. Осы мәселелер партиялық бағдарламаларда көрсетілуі тиіс.

Кеңестің негізгі тақырыбы 18 наурызда өтетін партияның Саяси кеңесі отырысының күн тәртібін талқылады. Алдын ала партияішілік іріктеу 30-шы наурыз бен 16-шы мамыр аралығында өтетін болды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс шешім деп есептеймін.

Отырыс соңында бюро қаулысы қабылданды, оған сәйкес прАймериз өткізу ережелерінің жобасы алдын ала мақұлданды. Саяси кеңестің отырысы да бекітіледі. Нәтижесінде "Nur Otan" партиясы атынан Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлауға түсетіндердің тізімі жасалады. 

Ғ. Өтемісов