Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында арбадағы баласы мен анасын жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2020
  • 2657

Жамбыл облысында арбадағы баласы мен анасын жаяу жүргіншілер жолағында көлік қақты. 28 жастағы БМВ автокөлігің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Осының салдарынан 44 жастағы келіншек оқиға орында тіл тартпай кетті. Ал, оның бір жасқа кеше ғана толған бүлдіршіні алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Жүргізуші түңгі сағат 12-лерде қонақтан келе жатып, жол үстінде әйелімен жанжалдасып қалған. Ашуға булығып, жылдамдықты асырған. Сот медициналық сараптама нәтижесінде жүргізушінің ішімдік ішпегені және есірткі қолданбаған анықталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Айта кетейін, қаза болған әйелдің артында ересек ұлы мен қызы қалды.

Асылхан ЗАУЫРБЕКОВ, БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша Байзақ полиция бөлімінің Қылмыстық кодекснің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергау амалдары басталды.

Б. Жұмабайұлы