Елордада биыл қыста мыңнан астам үйге түтінге қарсы дабылды ескерту құрылғылары орнатылған. Көмірмен күнелтетін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төтенше жағдайлар департаменті құрылғыларды тегін орнатып берді. Үй-үйді аралаған төтеншеліктер, қауіптің алдын алуды мақсат еткен. Департамент өкілдері жеке сектордағы үйлерді жылыту маусымы аяқталғанша қадағалай бермек.
Қуаныш ТОҚСАРИН, НҰР-СҰЛТАН қ. САРЫАРҚА АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Өртті болдырмау үшін үйдегі пештерді, электр құрылғыларын мұқият қадағалау керек. Тұрғындардың жауапсыздығынан тілсіз жау тұтанатын жағдайлар көп кездеседі. Сондықтан жыл сайын мұның алдын-алу үшін түсіндіру жұмыстарын жиі өткізіп тұрамыз.
Ғ.Өтемісов