Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада биыл қыста мыңнан астам үйге дабылды қондырғылар орнатылған

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2020
  • 1938

Елордада биыл қыста мыңнан астам үйге түтінге қарсы дабылды ескерту құрылғылары орнатылған. Көмірмен күнелтетін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төтенше жағдайлар департаменті құрылғыларды тегін орнатып берді. Үй-үйді аралаған төтеншеліктер, қауіптің алдын алуды мақсат еткен. Департамент өкілдері жеке сектордағы үйлерді жылыту маусымы аяқталғанша қадағалай бермек.

Қуаныш ТОҚСАРИН, НҰР-СҰЛТАН қ. САРЫАРҚА АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Өртті болдырмау үшін үйдегі пештерді, электр құрылғыларын мұқият қадағалау керек. Тұрғындардың  жауапсыздығынан тілсіз жау тұтанатын жағдайлар көп кездеседі. Сондықтан жыл сайын мұның алдын-алу үшін түсіндіру жұмыстарын жиі өткізіп тұрамыз.

Ғ.Өтемісов