Русский Сайттың толық нұсқасы

"Nur Otan" партиясы және "Атамекен" ҰКП ынтымақтастықты нығайтты

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2020
  • 2420

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдерімен кездесті. Бизнесмендердің бастамасымен Ұлттық палатада бастауыш партия ұйымы құрылады. Саяси ұйымның доктринасында өзара жауапкершілік пен әріптестік, мемлекет пен кәсіпкерліктің қарым-қатынасының маңызды қағидаты болуы тиіс делінген. Бауыржан Байбек: бастауыш партия ұйымдары, «Nur Otan»-ның өзегі және қозғаушы күші екенін ерекше атап өтті. Бұл ретте бизнес орта инновациялардың жолсерігі ғана емес, халықты жұмыспен қамту да үлкен маңызға ие деді Бауыржан Байбек өз сөзінде. 

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Партияны құрайтын, партияның негізі болып табылатын ол біздің бастауыш ұйымдар. Сондықтан, осындай үлкен Атамекен ҰКП-ның ішінде, орталық аппаратында бүгін осындай бастауыш ұйымы ашылған. Мен ойлаймын, еліміз үшін де, біздің партиямыз үшін де және сіздердің мемлекеттік емес ұйым үшін де өте маңызды мәселе.

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партия төрағасының, Елбасының тапсырмасы бойынша күзде өздеріңіз куә болдыңыздар осы тапсырма беріп, алда үлкен саяси кеңес болайын деп отыр. Сондықтан негізгі партияның әр мүшесінің, партияның жұмысына қатысуы, соған атсалысуы, кері байланыс беруі, белсенді болуы, беделді  болуы - міне, алдымызға қойылған мақсат.

А. Мүтәлі