Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы «Байқоңыр» кешенін дамыту тұжырымдамасымен танысты

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2017
  • 2068

Байқоңыр өңірінде экологиялық қауіпсіздікті ешқашан назардан тыс қалдырмау керек. Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен барған Президент осылай деді. Мемлекет басшысы сапар барысында Қазақстан мен Ресей арасында қабылданған «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастық тұжырымдамасының іске асырылу барысымен танысты. «Бәйтерек» бірлескен жобасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды да бақылап өтті. Аймақ атқа мінерлері Байқоңыр қаласын дамыту перспективалары мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев сапар қортындысы бойынша бірнеше нақты тапсырмалар жүктеді.