Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәскеу ядролық қаруға тыйым салатын шартқа қол қоймайды - РФ СІМ

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2017
  • 2670

Ресей «Ядролық қаруға тыйым салу шартына» қол қоймайды. Себебі оның мазмұны Мәскеудің «ядролық қарусыз әлем құрудағы» көзқарасына қайшы. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, Интерфакс хабарлады. Ресей халықаралық қоғамдастықты ядролық қару мәселелері жөніндегі бәтуаластықты ұстануға шақырды. Шартты қолдамай отырған тағы бір мемлекет - АҚШ - құжатты «тиімсіз» деп атады.  БҰҰ-на мүше өзге елдерді де бас тартуға үндеп отыр.

Еске салайық, «Ядролық қаруға тыйым салу шарты» биылғы 7-шілдеде өткен келіссөздер барысында қабылданған. Жиынға Ресей, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ пен Франция өкілдері қатысты. Құжаттың мақсаты - ядролық қаруды мемлекет аумағында жетілдіріп, сақтауға тыйым салу. Әзірге оған 50 мемлекет қол қойған.