Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялау жұмысы толықтай автоматтандырылды

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2020
  • 2594

Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Парақорлықты жеңеміз» деп отыр. Ол үшін министрлік қағазбастылықтан арылып, жүйені автоматтандырмақ. «Нұр-Отан» партиясы, сыбайлас-жемқорлықтың алдын-алу республикалық қоғамдық ұйымында осы мәселе талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров- атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізді. Шаруалар жұмысын субсидиялайтын 16 бағыт-биыл толықтай қағазбастылықтан арылған. Енді субсидия-электронды портал арқылы жүреді. Министірлік-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткен жылдың соңында арнайы бұйрық шығарған. Оған сәйкес: пара алған ғана емес, оның басшысы да жауапқа тартылады.

Марат ОРАЗАЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

Мысалы үшін министрдің қарамағын дағы комитет басшылары немесе орынбасарлары құқық бұзған жағдайда жемқорлыққа қатысты. Онда министр отставкаға беру керек. Ал, комитет ішіндегі басшылар жемқорлық мәселелерімен орын алса комитет төрағалары отставкаға кететін болады.

Жалпы алғанда, аталған сала, сыбайлас-жемқорлық белең алған ведомствалардың бірі. Пара алып, "ауға" түскендер арасында, "шабақтар" ғана емес "шортандар" да бар. Өткен жылы ғана осы салада 29 жемқорлық фактісі тіркелген. Соның 19 бойынша сот шешімі шығып, тиісті жаза қолданылды.

Д. Мұхаммедкәрім