Русский Сайттың толық нұсқасы

Қару-жарақ саудасы туралы келісімді мақұлдау жайы қаралды

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2017
  • 2964

Қазақстанда қару-жарақты экспорттаудан гөрі, импорттаудың үлес салмағы басым. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Қару-жарақ саудасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Қару-жарақ саудасында басты қағида оның геноцидтік, террористік бағытта қолданылмайтынына көз жеткізу керек, сондай-ақ 1949-шы жылы Женевада қабылданған конвенцияға қайшы келмеуі тиіс. Қорғаныс вице-министрінің сөзінше, заң жобасын мақұлдау елдің мүддесін ілгерлетуге жол ашады. 

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Атап өтер жәйт, шартқа қосылу заңсыз қару-жарақ саудасымен күреске жәрдемдесетін халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті ұстап тұруды және нығайтуды жақтайтын және оған сүбелі үлес қосатын қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде Қазақстанның мүдделерін ілгерілетуге қызмет етеді.