Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы көктемгі су тасқынына дайын,- Н.Нұрсағатов

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2020
  • 4987

Көктемгі су тасқынына дайынбыз. Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі, алдын-алу шараларына мықтап кірістік, дейді. Қазір ауданға тиесілі аумақтардағы қар шығарылып жатыр. Арықтарды тазалауға- 200 техника мен 100-ден астам адам тартылған. Енді сол суағарларды тұрғындар қоқысқа толтырмаса, көктемнен аман шығамыз деп отыр.

Нұрбол НҰРСАҒАТОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тұрғын үй алаптарының адамдарынан бір сұрайтынымыз бар: қоқыс пен қарды қайта төкпесе екен. Ертеңгі күні су аққан кезде бізге кедергі, бөгет болады. Байқоңыр ауданы бойынша біз дайынбыз қазір. Амандық болса осыны дұрыстап өтеміз деп ойлаймыз. 

Ә. Өмірзақ