Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда оңай жолмен пайдаға кенелмек болған азамат қолға түсті

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2017
  • 2995

Оңай олжа орға жықты. Жамбылда жымысқы жолмен ақша таппақ болған азамат қолға түсті. Қордай ауданының тұрғынынан 9 келі героин мен екі пакетке салынған үнді марихуанасы және «Вальтер» маркалы травматикалық тапанша тәркіленді. Баспанасын тінту кезінде табылған героин жоғары сұрыпты саналады. Ол қара нарықта өте қымбат тұрады екен. Полицейлердің айтуынша, келісі шамамен 20 мың доллар. Тәртіп сақшылары көлеңкелі кәсіппен күн көріп келген 59 жастағы азаматты бірнеше ай бойы бақылаған. Ақыры үйі тексеріліп, иісшіл иттердің көмегімен қоймада жасырылған  есірткіні табады. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, Қырғызстаннан әкелінген героинді ол сату үшін сақтаған. Егер кінәсі дәлелденсе, 10 жыл мен 15 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Күдікті бұрын да есірткі заттарын өткізгені үшін 13 жылға сотты болған. Ол 11 жылын өтеп, қалған екі жылында шартты түрде босатылған болатын. Ол өзінің кінәсін мойындап, қазіргі таңда Қордай аудандың ішікі істер бөлімінің уақытша қамау изоляторында отыр.