Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда профессорды тонаған 5 адам ұзақ жылға сотталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2017
  • 3005

Алматыда жоғарғы оқу орнының оқытушысын тонап, аса ірі көлемде қаражатын тартып әкеткен қылмыстық топ өкілдері ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін. Алдын ала сөз байласу арқылы бөтеннің мүлкін жымқырған бес адам сотта соңғы сөздерін айтты. Прокурорлар олардың әрқайсысына 11 жылдан жаза тағайындауды сұрады. 20 мен 23 жас аралығындағы жігіттер биыл наурызда аграрлық университеттің профессорын аса қатыгездікпен тонаған. Оның үйінен ақша алу үшін тоғыз қабырғасын сындырып, денсаулығына зиян келтірген. Медициналық бетперде мен қолғап киген «бестік» жәбірленушінің жатын бөлмесінен 23 млн теңгені ұрлап әкеткен. Саналы ғұмырын мамандар даярлау ісіне арнаған ұстаздың шығынын сотталушылар өтеп бермеген. «Қарақшылық шабуыл жасады» деп айыпталған күдіктілерге қатысты үкім ертең шығарылады.

Ербол Әбсатов, мемлекеттік айыптаушы:

Өздерінің қылмыстық іс-әрекеттерін Палманов, Қыстаубаев, Қосыманов, Әбдіханов және Алтынбеков жәбірленуші Смағұловқа 23 млн теңге аса ірі көлемде материалдық шығын келтірген. Құрметті сот, сот талқылауы жалпы тәртіппен қаралып, сотталушылардан жауап алынды. Олар тағылған айыппен толығымен келіспей отыр, тек ішінара мойындап отырғандарын ғана көрсетті.