Қазақстан теміржолдарында мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған. Елдегі бекеттердің тек 30 пайызы ғана стандарқа сай. Бұл туралы бүгін "Nur Otan" партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында айтылды. Мүмкіндігі шектеулі жандар конфедерациясының президенті- мониторинг қорытындыларына көңілі толмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, елдегі 308 вокзалдың тек 100-ден астамында талап сақталған. Қалған өңірлерде жарым жандардың жағдайы қиын деп отыр. Ол инклюзивті қоғамға барынша жағдай жасау керектігіне тоқталды.
Жанат ОМАРБЕКОВА, ҚАЗАҚСТАН МҮГЕДЕКТЕР КОНФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Өңірлерге жүргізген тексеріс кезінде теміржол және автобус вокзалдары мен станцияларының көп бөлігі қолданыстағы нормативтерді өрескел бұзғандығы анықталды. Бұл іс жүзінде осы бағыттағы жұмыстардың сапасы нашар екенін көрсетіп отыр. Сондай-ақ осы мақсаттарға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мәселесін қайта қарау керек.
Қоғамдық көліктерде де жағдай осындай. Елде азаматтарды тасымалдауға 11 мыңнан астам тұрақты автобус маршруты жұмылдырылған. Алайда олардың төрттен бір бөлігі ғана ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жабдықталған. Жанар Омарбекова бұл өте төмен көрсеткіш деп отыр. Ал партиялық бақылау комитетінің төрағасы, жағдайды барынша бақылау қажеттілігіне тоқталды.
Павел КАЗАНЦЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Бұл іске өте жауапкершілікпен қарау керек. Барлық жоспарлар құрылған. Бірақ, орындалуын жіті қадағаламайтыны көрініп тұр. Былай болмайды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру керек.
Ғ.Өтемісов