Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ елі мұнай өндірісін арттырмайды және кемітпейді, -Ә.Смайлов

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2020
  • 2725

Қазақстан мұнай өндірісін арттырмайды және кемітпейді де. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары және Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Сенатта айтты. Вице-премьердің сөзіне қарағанда, Қазақстан «ОПЕК» ұйымының алдыңғы ұстанымына сәйкес, бұрыңғыша жылына 90 млн баррель мұнай өндіретін болады. COVID-19 короновирусы мен мұнай нарығындағы Ресей мен Сауд Аравиясы арасындағы текетірес біздің нарыққа да кері әсер еткені белгілі. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналым күрт түсіп кетті. Екі ай ішінде Қытай импорты 27 пайызға төмендеген.  Экономикалық құлдырауды болдырмас үшін сәуірдің 15 күні бюджет қайта нақтылануы мүмкін. Есеп-қисабы әлемдік мұнай бағамына байланысты жүреді.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Оны мен дәл қазір айта алмаймын. Ол мұнай бағасына байланысты болады және Ұлттық банкпен біз тиісті консультация жүргізуіміз керек. Ол консультациялар қазір жүргізілуде. Жоспарымыз бойынша өндірісті жүргіземіз. Еш қандай көбейту азайту жоспарымызда жоқ.

Д. Мұхаммедкәрім