Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде Жолаушылар вагондарын жөндейтін серіктестіктің жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етті

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2020
  • 2428

Ақтөбеде жолаушылар вагондарын жөндейтін серіктестік жұмысшылары бас көтерді. Олар жалақыларын көтеруде талап етуде. Наразы жұрт: депо жекенің қарауына өткелі айлығымыз қысқарып, шайлығымызға жетпейтін күй кештік деді. Тақырыпты, әріптесім Бақыт Рахметова толықтырады.

Бұл жолаушылар вагондарын жөңдейтін серіктестік жұмысшыларының жанайқайы. Олар бес жылдан бері ең төменгі жалақыға жұмыс жасап келеміз деп шағымданды.

Байжігіт ҚАЛАБАЕВ, ЖҰМЫСШЫ:

Мекеме ауысқалы айлық төмендеп кетті. Халықтың әңгімелері жүркетен шыққан жанайқайы ғой. Жетпейді. Қырық мың, елу мың айлық. Мысалы мен алтыншы разрядтағы специалистпін айлығым 70 мың. Бұл масқара ғой. Бұрын 98 мың алып жүрген адаммын мен. Қазіргі қымбатшылық заманда осы айлық жетеді деп ойлайсыз ба?!

Серік ҚАРАСАЕВ, АҒА ШЕБЕР:

Біздерді соңғы кезде сдельный қылды. Вагон болса оклад қылады. Аз болса сдельный қылады. Айлықты қалайда төлемеу керек қой. Елу, алпыс мың халықтың айлығы аспайды. Айлық төлесе істер едік. Вагон шығар дейді. Вагон шығарамыз бірақ запчасти жоқ. Запчасти жоққа біздің қандай кінәміз бар?

Бұл депо Кеңес одағы кезінде негізі қаланған. Қазір мұндай 250 адам жұмыс істейді. Олар жұмысқа киетін тіпті арнайы киім де, құрал-жабдық берілмейтініне наразы.

Бауыржан СЕНГЕЛБАЙ, ЖҰМЫСШЫ:

Айлығымызды көтерсін. Плацкарттың ремонты, купе ремонтында ақшаларының разница көп. Соны единный айлық бермесін. Разницасы бар плацкартты, купені бөлек төлесін. Сұрайтынымыз ұжымдық договор.Ол барлық жерде бар. Сосын во время спец молоко, спец одежда средство гигиены және инструменттер берсін.  Бізді жоғарғы басшылар естиді шығар.

Серіктестік басшылығымен кездесудің сәті түспеді. Бұл мекеменің бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Жұмысшылар жергілікті еңбек инспекциясына да шағымданыпты. 

Бауыржан  ОРАЗАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ТОО «АГМ ТАБЫС» біреуі Абаевтан біреуі ұжымнан он үш адамнан түскен. Бірақ заңды тұлға мекеме өзі Алматы қаласында болғандықтан біз сол жаққа жолдадық. Енді кемшіліктер болса шаралар қолданады. Сосын заң бойынша жергілікті мемлекеттік еңбек инспекциясы бар ғой Алматыдағы солар арызданған жұмысшыларға жауап жібереді.

Жұмысшылардың күтуден басқа амалы жоқ. Жүз адам қол қойған ұжымдық ашық хат әзірлеп, оны бас кеңсеге жолдады.

Б. Рахметова