Елордада Бөгенбай батыр даңғылындағы көпір апатты. Редакциямызға хабарласқан тұрғын, мәселеге араласуымызды сұрады. Айтуынша "бұл көпірге жөндеу жұмыстарын бастаймыз" деген желеумен, 16-шы қаңтардан бастап қозғалысқа шектеу қойылған. Одан бері екі ай өтсе де жағдай өзгермепті. Тек бір жақ бетімен жүріп жатқандықтан көпір үсті кептелістен көз ашпайды. Қауіпсіздігі үшін алаңдаған тұрғынның базынасын тындап көрейік.
МӨЛДІР:
Біз күнде теңертең және кешке сол көпірдің үстімен өтеміз. Час-пик уақытта кептеліс болады. Сонда көліктің ішінде отырып көпірдің қозғалып тұрғанын сеземіз. Өзім үшін, балаларым үшін қорқамын. Оны "апатты" деп жауап тастады, бір жағын. Енді жапқан екен жөндемей ме?! Өздері апатты деп айтады, өздері оның үстіне бәлен машинаны шығарып қояды. Осыны қалай түсінуге болады?
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Осы мәселе бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен хабарласып көрейік. Бізбен тікелей байланыста Жол қозғалысы қауіпсіздігі және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Руслан Абдуалиев бар екен. Қайырлы кеш, Руслан Өмірбекұлы! Шағымды естідіңіз. Қаңтар айының ортасында жабылған. Әлі күнге жөндеу жұмыстары басталмаған. Бұған не дейсіз?
Руслан АБДУАЛИЕВ, «НҰР-СҰЛТАН қ. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Бұл себепке 2006-2009 жылдары темір жол арқылы өтетін қолданысқан енетін көпірдің енін кеңейту, көбейту арқылы қайта құрылыс жүргізілген. Сол кезде осы учаскеге сол кездегі қайта құру кезінде тіректер ауыстырылған жоқ. Өйткені сол кездегі жобалық жүктемеге сәйкес келген. Сондықтан бүгінгі күнге ол жерді уақытша тексеріс үшін жабылып қойылды.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр ма жоқ па?
Руслан АБДУАЛИЕВ, «НҰР-СҰЛТАН қ. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Жөндеу жұмыстары қазірігі кезде бұл учаскеде әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Көрерменнің сөзіне көз жеткізу үшін біздің түсірілім тобы көпір маңайына барып қайтты. Шынымен ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Көпір шынымен апатты болса, онда неге халықтың басын қатерге тігіп отырсыздар? Жөндеу бола ма? Болса қашан басталады? Қашан бітеді?
Руслан АБДУАЛИЕВ, «НҰР-СҰЛТАН қ. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Жоқ, жөндеу жұмыстары емес қазіргі уақытта ол жерде зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы сәуір айының соңына дейін жүргіземіз содан кейін бізде жөндеу жұмыстары басталады.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Сәуір айында басталса, көпір жалпы қауіпті емес қой?
Руслан АБДУАЛИЕВ, «НҰР-СҰЛТАН қ. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Жалпы көпір қауіпті емес. Жаңағы қазіргі жағдайдағы көлік көлемінің артуына байланысты ол көпірге жалпы зерттеу жүргізгеннен кейін оның барлығын жылдың аяғына дейін жоспарланып отыр жылдың аяғына дейін.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, көпір ашылады. Солай ғой?
Руслан АБДУАЛИЕВ, «НҰР-СҰЛТАН қ. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Иә, жөндеу жұмысы аяқталып, көпір ашылады.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Бөліскен ақпаратыңыз үшін, рахмет! Байланыста болған Нұр-Сұлтан қалалық Жол қозғалысы қауіпсіздігі және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Руслан Абдуалиев. Біз де бұл жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экрандағы нөмерге хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз.
А. Данияр