Русский Сайттың толық нұсқасы

Қапшағайда жарылыстан 1 адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2020
  • 2489

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы темір қабылдайтын орында жарылыс болып, бір адам қайтыс болды. Метал қабылдап, оны сұрыптап жатқанда жарылғыш зат іске қосылған. Сол жерде жұмыс істейтін 1996 жылғы жігіт ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза болды. Оқыс жағдай бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Ал, қазір темір қаблдайтын орталық жабық тұр. 

Айна МҰҚАНОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына барды. Ол жерде бір адамның қазасы тіркелді. Бұл оқиғада басқа зардап шеккендер жоқ және біздің ауруханаға түспеді.

Ал, қорғаныс министрлігі болса бұл әуе күштеріне арналған снаряд екенін хабарлады. Айтуынша, әскери полигондарда жарылған немесе жарылмай қалған оқ-дәрілерді заңсыз жинап, темір қабылдайтын орталыққа өткізген болуы мүмкін. Қазір істің жай-жапсары анықталуда.

А. Кемелжан