Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан автобус паркі Ресеймен жолаушы тасымалын тоқтатты

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2020
  • 3193

«Батыс Қазақстан автобус паркі» Ресейге жолаушы тасымалын тоқтатты. Бұл туралы автопарктің бас директорының орынбасары Данияр Мұхтаров хабарлады. Елде төтенше жағдай жариялануына байланысты, Ресейдің бес облысымен шектесетін Батыс Қазақстан облысында халықаралық бағыттар түгелдей тоқтатылған. Күні бұрын қамданған жолаушыларға қазір жол жүру билеттері қайтарылып жатыр. Күніне мыңға тарта жолаушыға қызмет көрсететін автопарк енді келген шығынды есептеуде. Ал, бос қалған автобус жүргізушілерін кезекпен жұмысқа шығаруды ұйғарыпты.

Данияр МҰХТАРОВ, «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АВТОБУС ПАРКІ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

18 автобустың 36 водителі бар. Бір автобуста екі жүргізушіден. Солардың бәрімен келісім бойынша расписание істеліп беріледі. Өздерінің кезектерімен бастап жүре береді. Осы жағдайға байланысты солай болып тұр ғой. Ал егер басқа заказ болып жатса, сол автобустар жүре береді.

Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан және Монғолия елдері арасында автобустарда жолға шықпайды. Әуе рейстерінің де саны қысқарған. Айта кетейік, мұның барлығы коронавирустың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу үшін жасалып отыр. Оған қоса, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты азаматтардың шет мемлекеттерге кетуіне де тыйым салынған болатын.

Е. Карин