Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел Президенті карантинге жабылатын қала әкімдеріне тапсырма жүктеді

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2020
  • 3170

Бүгін Президент Қасым- Жомарт Тоқаев, Нұр- Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді. Президент қала басшыларының атқарып жатқан жұмыстарын тындады. Мемлекет басшысы тұрғындарды ең қажетті тауарлармен және азық-түлікпен толық қамтамасыз етуді міндеттеді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге коронавируске қарсы күреспен бірге, қала тіршілігіндегі өзге де өзекті мәселелерді күн тәртібінен түсірмеуді қадап айтты. Нұр-Сұлтан әкіміне су тасқынын бақылауға алуды ескертті. Ал Алматы әкімі облыс басшысымен бірге мегаполисте жұмыс істейтін өңір тұрғындарының қатынау мәселесін шешуде жүктеді.

А. Қуаш