Каратиндік аймақтағы 10 мыңға жуық отбасыға гуманитарлық көмек көрсетіледі. Елбасы, "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен партиялықтар жеке гигиеналық заттарды сатып алуға бір күндік жалақыларын аударды. Қауіпті өңірдегі аз қамтылған отбасыларға көмек беру мақсатында жетекші партия есебінен 150 миллион теңге бөлінген. Бүгін жас отандықтар азық-түлік пен антисептиіктік заттарды тегін таратуға кірісіп кетті. "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев күн сайын 400-ге жуық отбасыға керек-жарағын жеткізіп береміз деп отыр.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл шара бүгін басталды. Бір-екі аптаның ішінде толық аяқтайтын боламыз. Барлық үйді аралап есіктен-есікке кіргізіп береміз. Карантиннің ең басты қағидасы ешқайда шықпай, сақтануы керек адамдар. Біз оларға осының маңыздылығын түсіндіріп жатырмыз.
Індет таралғалы көпшілік арасында арнайы маскалар мен антисептиктік заттарға мұқтаждық артты. Дәріхана сөрелерінен керегін таппай жүргендер қаншама. Солардың бірі көп балалы ана Марияш Түйешова. 7 бала тәрибелеп отырған ол қазір балаларына қарап үйде отыр. Бірнеше күнде жұбайының да жұмысы тоқтайды. Осындай қиын кезеңде қайырымды жандардың қайырлы көмегі ауадай қажет дейді.
Марияш ТҮЙЕШОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Маска жоқ. Парацетамол таба алмадым. Екі баламның қызуы көтеріліп ауырып қалды. Скорая шақыруға қорықтым шынымды айтсам. Рақмет көп-көп. Осындай көмек беріп жатқандарыңыз үшін Алла разы болсын.
Ғ.Өтемісов