Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2020
  • 2751

11 жыл түрмеде отырған Мұхтар Жәкішев бүгін мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. «ҚазАтомӨнеркәсіптің» бұрынғы басшысын, қатаң тәртіптегі колония алдынан қолдаушылары күтіп алды. Түзеу мекемесінен көлікпен шыққан Мұхтар Жәкішевтің жанында жұбайы Жәмила Жәкішева да болды. Бұрыңғы шенді көлігінен түсіп, бәріне алғыс айтты.

Мұхтар ЖӘКІШЕВ:

Бауырлар! Қиын уақытта менімен бірге болып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет! Шын жүректен!


«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-төрағасы 2009 жылы мамыр айында ұсталған еді. Жемқорлық қылмыстық әрекеттері үшін 2010-шы жылы он төрт жылға сотталды. Оның 11 жылын өтеді. Биыл 3 наурызда Семей қалалық соты, мерзімінен ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған болатын.

Ә. Өмірзақ