Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 200-ден астам, ал Павлодарда 100-ге жуық отбасына «Nur Otan» көмек көрсетті

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2020
  • 2137

Алматыда 200-ден астам отбасыға тегін бетперделер мен антисептиктер тегін таратылуда. Бұл «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған. Арнайы жабдықтар негізінен соғыс ардагерлері мен жалғызбасты қарттарға берілді. Ұйымдастырушылар аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды да қамтуды жоспарлап отыр. Бұл іске қаладағы 30-дан астам ерікті ат салысты. Аталған әлеуметтік көмек мегеполистағы 7-нан астам отбасыға жеткізілді. Бұл акция жалғасын табу үшін, қолдау білдірушілер арналып арнайы есеп-шот ашылды.

Мәди АХМЕТОВ, «JAS OTAN» ЖҚ АЛМАТЫДАҒЫ ТӨРАҒАСЫ:
 
Елбасы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей тапсырмасына байланысты карантин жарияланған Нұр-сұлтан және Алматы қаласына партия тарапынан 150 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген.  Біздің Жас Отан волонтерлары осы жерде өз еркімен келіп жиналып отырған әрбір комплект гигиеналық заттарды табыстайтын болады.

Павлодарда да дәл осы акция аясында 100-ге жуық отбасына көмек көрсетілді. Жас отандықтар өңірдегі жалғызбасты қариялар, мүгедектер мен көп балалы отбасылардың үйіне азық-түлік себеттерін таратты. Себетте тағамдардан өзге, гигеналық заттар да бар.  9 бірдей немересі бағып отырған Рахима әжей бұл көп балалы отбасылар үшін үлкен көмек екенін айтады. Қысылтаяң уақытта қол ұшын созған «нұротандықтарға» алғысын білдірді.

Рахима ШҰҒАЙЫПОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жастарға осылай беріп отырған көмектеріңе разымын. Рахмет! Әлде болса осылай болысып, жәрдем беріп жақсылық етіңіздер!

Көмек дорбаларын еріктілер «есіктен-есікке дейін» қадиғаты бойынша жеткізіп жатыр. Тұрғындарға қауіп төндірмес үшін затты алдын ала телефон арқылы хабарлап, есіктің алдына қалдырып кетеді. Еріктілер үй иесінің себетті алғанын қашықтықтан бақылады.  Алдағы уақытта көмекке мұқтаж тағы 500 отбасына көмек көрсетпек.

Ө. Қуанар