Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық көп балалы аналар маска өндірісін жолға қойды

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2020
  • 2205

Елордалық көп балалы аналар, маска тапшылығын жою үшін, шұғыл цех ашты. Қала әкімдігінің қолдауымен ашылған тігін шеберханасы, қазір жаппай бетперде тігуді қолға алған. Әуелде киім-кешек, құрақ көрпе жасауды жоспарлапты. Алайда елдегі төтенше жағдайға байланысты, халықтың сұранысына жұмыс істеуде. Олар күніне 300-ге жуық маска шығарады. Ұзақ уақытқа қолдануға болатын, бұл бетперденің бағасы да қолжетімді болмақ.

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Бұл кісілерге біз тапсырыс беріп үлгере алмай жатырмыз. Себебі, бұл кісілердің жасаған дүниелерін бізге дейін жеке меншік аптекалар, қарапайым тұрғындар, азаматтардың өздері-ақ осы жерден топ-тобымен 100-деп, мыңдап алып кетіп жатыр. Арнайы біздің тапсырыссыз-ақ, бұл кісілердің өнімдеріне сұраныс өте көп. 


А. Мүтәлі