Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада ломбардтар мен шағын несиелік ұйымдар уақытша жабылады

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2020
  • 2599

Елордада ертеңнен бастап, ломбардтар мен шағын несиелік ұйымдар уақытша жұмысын тоқтатады. Ал ақша айырбастау пункттері таңғы 10-на, 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы сауда нүктелеріне жүргізілген рейд кезінде, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқарамасының басшысы Ерлан Бекмырзаев мәлімдеді. Ол тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де онлайн режимге ауысатынын жеткізді. Оның айтуынша мұндай шаралар қауіпті індеттің алдын алып, карантинді күшейту үшін жасалуда. Сондай-ақ, дүкендер мен сауда орталықтарының санитарлық ережелерді сақтауы қатаң бақылауда болады деді.

Ерлан БЕКМЫРЗАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Барлық сауда орындарына талаптар қойылды. Қызметкерлер маска тағып жүруі қажет. Санитарлық ережелерді де күшейтуі қажет. Сатып алушылар арасында бір метр арақашықтықты сақтау. Мобильді топ арқылы осыны қадағалап отыратын боламыз.

Ғ.Өтемісов