Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда мектеп оқушылары арасындағы жанжал сотта қаралып жатыр

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2020
  • 2199

Павлодарда мектеп оқушысы, жасөсіпірімді 4 мың теңге үшін пышақтаған ба?  Бұл сауалға қаладағы мамандандырылған ауданаралық сот жауап іздеуді бастады. 9-шы және 10-шы сынып оқушылары арасындағы жан-жал салдарынан, біреуі пышақ жарақатын алған. Сот отырысына қатысып қайтқан тілшіміз алғастырады.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Мектеп оқушылары бір-бірінен ақша бопсаламақ болған. Соңы 9 сынып оқушысының пышақ жарақатымен аяқталды.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы бар кінә зардап шегушінің өзінен басталғанын айтады. Өйткені тергеу кезінде зардап шегуші танысынан 4 мың теңге талап еткенін айтқан. Алайда, ол бүгін бұл мәлімдемесін жоққа шығарды.

Прокурордың айтуынша пышақты қарсы топтың достары алып келген. Ақша талап еткен зардап шегушіні қорқытуды көздегендерін жеткізген. Жаға жыртысқан екеуі де қаладағы мектептердің оқушылары. Біреуі 9-шы, екіншісі 10-сыныпта оқиды.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Егер  зардап шегушінің кінәсі расталса, ол да жауапгершілікке тартылмақ. Ал жасөпірімге пышақ салған оқушы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ө. Қуанар