Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президентінен құттықтау-хат келді

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2020
  • 2673

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына, АҚШ Президенті Дональд Трамптан құттықтау-хат келді. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ Президенті Қазақстан халқын "Наурыз" мейрамымен құттықтапты. Құттықтау-хатта: "Наурыз - АҚШ-та, Қазақстанда және әлемде - бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі болып саналады, әрі  адамдарды достыққа біріктіретін мейрам.  Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін, болашақ мүмкіндіктер жасауға ниетті екенімді білдіремін. Наурыз құтты болсын!», делінген.

Д. Мұхаммедкәрім