Русский Сайттың толық нұсқасы

Шардара су қоймасындағы балықтардың ауруға шалдығуына не себеп?

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2020
  • 3155

Түркістан облысы Шардара су қоймасында балықтардың жаппай белгісіз ауруға шалдығуына судың қатысы жоқ. Қазгидромет өкілдерінің алғашқы қорытындысы -осындай. Мамандар наурыздың 20-сы күні әлеуметтік желіде тараған видеодан соң Сырдария өзенінің бастауы мен су қоймасының бірнеше жерінен сынама алған болатын. Алайда тексеру нәтижесі майда балықтардың жағалауда топтасып қалуына судың қатысы жоқ деген қорытындыға келді. Зертханалық жұмыстар тек екі жерде ғана темірдің шектік мөлшері жоғары болғанын көрсетіпті.

Маханбет ЖАЗЫҚБАЕВ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Тек «Серебренный пляж» бен «Китайский городок» деген фейсбук желісінде балықтардың жаппай судың бетінде жатқан жерлерден тек сол жерлерден ғана темірдің суда аз ғана көптік мөлшері бақыланды. \байқалды\ Қалған 24 элементті лаборатория қызметкерлері кеше 26-наурыз күні толығымен анықтады. Ол жерде де ешқандай артық, шектен шыққан ештеңе бақыланған жоқ.


Балықшылар болса, су маржандарының ауруға шалдығуына биылғы қыстың әдеттегіден тым жылы болуы себеп болды деп топшылайды. Ауа-райын болжаушылар расында Шардарада биыл күн райы әдеттегіден жылы, әрі су мөлшерінің аз болғанын айтады. Айта кетейік, судағы тіршілік иелерінің беймәлім кеселге шалдығуын экологтар мен жауапты мамандар да бақылауға алды.

А. Төребекқызы