Русский Сайттың толық нұсқасы

«#Biz birgemiz!» акциясы аясында мыңнан астам адамға көмек көрсетілді

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2020
  • 2556

Алматыда жасы тоқсаннан асқан, өз еркімен жүріп-тұруы қиын, жалғызбасты қарттарға ыстық тамақ жеткізіле бастады. «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы «#Biz birgemiz!» бастамасы аясында қаладағы 404 қарттың тізімін жасапты. Енді оларды тұрақты түрде аспен қамтуды қолға алды. Әлеуметтік бастамаға Республикалық федерация қолдау көрсеткен. Бұл - қайырымдылық, карантин мерзімі аяқталғанға дейін жалғасын таппақ.

Гаджи ГАДЖИЕВ, «NOMAD MMA» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз "Нұр Отан" партиясы және қалалық әкімдік өкілдерімен кездесіп, осы жобаны бастадық. Қалада жасы жүзге жақындаған, өз еркімен жүріп-тұра алмайтын қарттарды анықтап, шараны қолға алдық. Өйткені, олар тамақ жасауға қабілетсіз.

«#Biz birgemiz!» бастамасымен қолға алынған әлеуметтік көмек өзге аудандарда да жалғасуда. Мысалы, бүгін партиялық бақылау комиссия мүшелері Алатау ауданындағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларға азық-түлік себеті мен санитарлық заттар үлестірді. Аталған көмек аудандағы 200 отбасыны қамтыды.

Фарида МЕРХАИТҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мақсатымыз - осындай қиын кезде көмек қолын ұсынып, бар екенімізді, біз бірге екенімізді, халқты бірге екенімізді білдіру. Бұл азықтардың құрамында ұн, май, күріш, картоп, сондай-ақ антисептик бар. Содан кейін қол жуатын сабындар бар, дәретхана қағазы бар. Жалпы оннан аса зат.

А. Кемелжан