Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласында "Ұлттық Ұлан" сарбаздары да екі ауысыммен қызмет көрсетіп жүр

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2020
  • 3764

Қытайдан шыққан жұқпалы індеттің қауіпті екені минут сайын айтылып жатыр. Оны үйде отыру арқылы ғана ауыздықтай аламыз. Біздің елде ғана емес бүкіл әлем осы үндеуді, қазір ұранға айналдырған. Алайда, бұл кеңеске құлақ аспайтындары тағы бар. Ортақ тәртіпке бағынбай көше кезгендерді тәртіп сақшылары анықтамақ. Ұлттық Ұлан сарбаздары да осы науқанға тартылған. «Көзге көрінбейтін жаумен», Ұлттық гвардия қалай алысып жүр? Тілшіміздің бейнематериалы.

Ұлттық Ұландар әскери бөлімге келген өзгені де, өзін де мұқият тексереді. Бетперде кимеген қызметкерлер жұмысына кіре алмайды. Сарбазға да, сардарға да талап - осы.

Әскери бөлімдегі ғимарат іші, тәулігіне үш мезгіл хлормен залалсыздандырылады. Медициналық бетперде мен бір реттік қолғаптар да, "Ұландарға" міндеттелген. Жуырда оларға бетпердені қалалық полиция департаменті мен қазақ драма театры ұжымы жеткізіпті.

Жасұлан ТҰРҒАНБЕК, №5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазақ драма театрынан қолдан тігілген бетперде әскери сарбаздарға таратылды. Олар көп рет қолданылады. Жуылып қайтадан беріледі.

Әскери бөлім маскамен өзін-өзі қамтамасыз етуді де жолға қойыпты. Тігін цехындағы қыздар жарты ай ішінде 3 мыңға жуық бетперде тігіп шықты.

Ақбота САУХАНОВА, №5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ШЕБЕРХАНА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мына матаны мысалға төртке бүктедік. Содан кейін екі жағынан тігіп, резина қойып тігіп жатырмыз...

Қала тыныштығын сақтау үшін тәулігіне 1200-ден астам сарбаз көшеге шығады. Олар екі ауысыммен, тәртіптің сақталуын  бақылап жүр. "Үйден шықпа" кеңесіне құлақ аспағандарды анықтап, олармен жұмыс жүргізуде.

Ерлік ЫҚЫЛАСОВ, №5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ҚҰРАМА КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарынан орын алып отыр. Бірақ олармен қосымша тәрбие жұмысы және ақпараттық жұмыс өткізудеміз.


Думан МҰХАММЕДӘРІМ, ТІЛШІ:

- Қытайдан шыққан індет қауіпті деп қанша айтқанымен көшеге...
- Капитан Өтегенов. Құжаттарыңызды бола ма?
- Қайырлы күн. Мен жұмыс істеп жатыр едім мында.
- Бізде іс шара жүріп жатыр. Сол себепті тексеруіміз керек.
- Жақсы ойнап жүрген жоқсыздар ғой. Қандай құжаттарымды берейін?
- Жеке куәлік, қызметтік куәлік немесе анықтамаңыз. Мұхаммедкәрім Думан Аламсұлы, Пресса. Жақсы рахмет!
- Рахмет сіздерге де. Жолдарыңыз бослын!
- Қысқасы. Корновирус қауіпті екені айтылып жатсада халық көшеге шығатынын қоятын емес. Жаңағы сияқты сарбаздар мен полиция қызметкерлері құжаттарыңызды тексеріп жатса. Түсіністікпен қараңыздар. Олардың мақсаты дерттің алдына тосқауыл қою.


Д. Мұхаммедкәрім