Русский Сайттың толық нұсқасы

42500 теңгені алатындарға арнайы сайт ашылады - Б. Нұрымбетов

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2020
  • 4480

Елде 42 мың 500 теңге көлімендегі жәрдемақыны алу үшін, электронды кілт міндетті емес. Ол үшін жаңадан ашылатын арнайы сайттың талаптарын орындасаңыз болғаны. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті. Енді азаматтар Egov.kz порталынан бөлек, арнайы құрылған сайтқа кіріп СМС арқылы да өтініш бере алады. Министр қазір сайттың әзірленіп жатқанын айтты. Аталған сайт жайлы толық ақпаратты ертең жарияламақшы. Жеке компьютері жоқтар, телеграмның көмегіне де жүгіне алады.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:


Телеграмда арнайы приложение болады. Сол жерге өз ИИНндеріңізді енгізесіздер. Смс пароль арқылы қолтаңбаңызды растайсыз. Осы жұмысқа бар күш-жігерімізді салып жатырмыз.

Ғ. Өтемісов