Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда көп балалы отбасы көмек сұрайды

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2020
  • 2694

Павлодарда көп балалы отбасы далада қалудан қауіптенеді. Өйткені олар жалдамалы баспанасын босатуы қажет. Үй иесі осыны талап еткен. Баратын жерім жоқ деген жанұя, жомарт жандардан үмітті. Айтуларынша басқа пәтер жалдауға қалта жұқа. Амалы таусылған көп балалы ана, мәселеге араласуымызды сұрады.

Марияш Сағидолда - 4 баланың анасы. Отағасы - жұмыссыз. Отбасы балаларына берілетін 30 мың теңге - жәрдемақыға күнелтіп отыр. Басында баспана жоқ. Қуықтай бөлмені жалға алған. Оған айын 15 теңге төлейді. Отанасы жалданып табатын мардымсыз жалақы да, жыртыққа жамау болмай тұрғанын айтты.  

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Аядай ғана баспана тек жазғы уақытта тұруға ғана арналған. Алайда, амалы таусылған отбасы мүлдем жөндеу жасалмаған үйде қыстап шыққан. Енді бұл үйден шығарса, далада қаламыз ба деп қорқады.

Марияш САҒИДОЛДА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Бізге шық деп жатыр. Қайда барамыз 4 баламен. Далада қалғандай болып жатырмыз ғой.

Көп балалы отбасына былтыр әкімдік уақытша тұра тұруға үй бермек болған. Алайда, кейін жергілікті билік ол ойларынан айнып қалыпты.

Марияш САҒИДОЛДА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Сізге ана үй тимейтін болды. Не үшін деп ем? Қаладан звандады сізге беруге болмайды деді. Сосын кейін біз қарастырамыз не қаладан, не Мойылдыдан үй қарастырамыз - деді.
 
Мәселенін түйінін тарқату үшін, Мойылды ауылының әкімдігіне бардық. Алайда, әкім орнында болмады. Телефон арқылы хабарласқанымызда, бұл отбасын далада қалдырмайтынын айтты. 

Ақылбек СМАҒҰЛОВ, МОЙЫЛДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мен қазір бір үй тауып алдым арендаға. Қазір сөйлесеміз с хозяики. Біз оны қалдырмаймыз. Далада қалмайды ғой. Марияшты қалдырмаймыз біз. Тем более Кішкентай баламен.

Көп балалы отбасының ендігі тағдырын ауыл әкімі өз бақылауына алатынын уәде етті. 

Ө. Қуанар