Зімбір-қауіпті індеттің қалқаны болады деген қаңқу сөз. Оның коронавирустан айықтыратын ешқандай емдік қасиеті жоқ. Қостанайлық мамандар осындай мәлімдеме жасауға мәжбүр болды. Өйткені өңір тұрғындары жаппай Қытай өнімін қолдана бастаған. Есесіне құны да шарықтап тұр. Соңғы күндері тропикалық өсімдіктің бағасы он есе көтерілген. Сауда орындарында зімбірдің келісі 17 мың 600 теңгеден сатылып жатыр.
Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:
Зімбір тамырының құны көтерме базарда да көтерілген.Қазір келісі алты мың бес жүз теңгеден сатылып жатыр.Бұрын оның бағасы 2-3 есе арзан болған.Өсімдіктің құны дүкендер мен сауда орындарында да өскен.
Қаладағы ірі сауда орындарының бірінде зімбір тамырының келісі 17600 теңгеден тұр.Кеше 20 мың болған деседі.Сауда үйінің өкілдері бағаны өнім жеткізушілер белгілейді деп ақталды.Өсімдік тамыры әу-бастан Қытайдан әкелінеді.Бағаның күрт көтерілуіне доллардан гөрі дүйім жұрттың дүрлігіп жапа тармағай зімбір іздей бастағаны әсер еткен көрінеді.
Сираш ӘБІШЕВ, САТУШЫ:
Зімбір бағасының көтерілуіне доллардың да әсері болды.Бірақ жұрттың бәрі дүрлігіп індеттің алдын алу үшін сатып алып жатыр.Сондықтан бағасы қымбаттап кетті.
БЛИЦ:
- Сол имбирден сосын лимон,балмен қосып әдемі шай ішуге жақсы.
- Мынадай кезең болған соң адамдардың барлығын дүрліктірп жатыр ғой.Мұны бір жағынан ойлаймын қазір саудагерлер сауда жағынан қалталарына ақша келтіріп жатыр деп.
Мамандардың айтуынша зімбірдің құрамындағы эфир майлары мен амин қышқылдары иммунитетті нығайтатыны рас.Алайда қауіпті індетке қарсы тұруға еш қауқары жоқ екенін ескертеді. .
Сәуле НҰРПЕЙІСОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Имбирь, яғни зімбір имунитетті нығайтатын азық ретінде белгілі.Құрамында эфир майлары мен өзге де дәрумендер бар.Ал оның коронавирусты емдейді және көмектеседі деген мәлімет жоқ.
Қостанайда коронавирус тіркелген жоқ.Қайткенмен қала тұрғындары зауалдың алдын алу үшін қамданып жатыр.Ал дүкендерде зімбір,сарымсақ,лимонның саудасы қызып тұр.Құны да қымбат.Мәселен сарымсақтың бір келісі екі мың төрт жүз теңгеге самғап кеткен.
З. Санай