Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жетті

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2020
  • 1847

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жетті. Көз жұмғандар 50 мыңнан асады. АҚШ-тағы ахуал тіпті қиын. Бірнеше штатта карантин күшейтілген. Дертті жұқтырғандардың басым бөілігі осында. Ал Италия індет құрбандарының саны бойынша бірінші орында. Мұнда 14 мыңға жуық өлім жағдайы тіркелген. COVID-19-дан бір тәулікте 800 адам көз жұмған. Испанияда да жағдай осыған ұқсас. Табытты автотұрақтарға қоя бастапты.

Фернандо САНЧЕС, ҚОР ДИРЕКТОРЫ:

Біз қайтыс болғандарды қоятын үлкен қойма дайындадық. Шамамен 2 мың табыт сияды. Сондай-ақ бізден бөлек, жерлеу рәсімімен айналысатындар бар.

Ә. Өмірзақ