Русский Сайттың толық нұсқасы

Синоптиктер алдағы тәуліктерде күн жылынады деп болжап отыр

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2017
  • 2561

Ал синоптиктер, бүгінгі жауған қар аралас жаңбыр ертең тоқтайды, деп отыр. Алдағы үш тәулікте еліміздің бірқатар аймақтарында күн жылынады деген болжам бар. «Қазгидромет» мамандары осылай деп мәлімдеді.

Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РММ инженер-синоптигі:

Антициклонның әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның батыс облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде және де ауа температурасы жоғарылайды. Ал Қазақстанның қалған аймақтарында сол антициклонның шығыс аймақтарына жылжығанға байланысты жауын-шашын тоқтайды. Бірақ ауа температурасы қазанның жетісіне таман көтеріледі. 5-10 градусқа дейін.