Соңғы бір тәулікте COVID-19-ды әлемдегі 82 мың адам жұқтырған. Осылайша Қытайдан шыққан індетпен ауырып жатқандардың саны дүниежүзі бойынша 1 млн 200 мыңға жуықтайды. Мәселен Британияда өткен тәулікте 6 мың адамнан коронавирус белгілері анықталған. Германия мен Испания болса, кеселді жүгендеген сияқты. Бұл елдерде індеттің таралуы көп азайыпты. Десе де, ресми Мадрид крантинді тағы екі аптаға созды. Ал, АҚШ-та жағдай мәз емес. Мұнда қауіпті тұмау белгілері енді аңдардан табылып жатыр. Негізі, АҚШ індетті жұқтырғандар саны бойынша әлемде 1-ші орында тұр. Мұндағы 335 мың адамнан COVID-19 белгілері табылған. 9,5 мың науқас көз жұмған. Дегенмен, «Ақ үй» басшысы, «Індетті ауыздықтайтын» күн алыс емес деп отыр.
Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Індетпен алысу майданында бір жарық көрінді. Жақынарада жеңеміз және оны мақтан тұтатын боламыз деп ойлаймын.
Д. Мұхаммедкәрім