Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтардың жылу үшін берешегі 10 млрд теңгеге жуықтаған

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2017
  • 2157

Ал энергетика министрлігіне қарасты комитеттің өкілдері солтүстік облыстардағы әлеуметтік маңызы бар ғимараттар толықтай жылуға қосылғанын мәлімдеді. Тұрғын үйлердің 80 пайызында жылу бар дейді. Көпқабатты үйлерге жылу беру жұмыстары Петропавл, Балхаш, Теміртау, Семей қалаларында жалғасып жатқан көрінеді. Жылу электр стансаларындағы әзірлік жұмыстары қалыпты кестеге сай жүріп жатыр, кей бірінде жұмыстар осы айдың соңына дейін аяқталады. Отын қоры да жеткілікті дейді мамандар.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрлігі атом және энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы:

ЭС қоймаларында бүгінгі күні 4 млн 800 мың тонна көмір бар. Ол былтырмен салыстырсақ 1,5 миллион тонна көмірге артық жиналды. Соңғы 4-5 жылда болмаған жағдай бұл. Бүгінде барлық электрстансалармен қазандықтар қоймалары нормативке сәйкес отын жиналған.

Ал қазақстандықтардың жылу үшін берешегі 10 миллиард теңгеге жеткен, - дейді Сұңғат Есімханов. Қарыздың басым көбі Алматы қаласына тиесілі, яғни шаһар халқы мен кәсіпорындарының жылу орталықтарына берешегі 3 миллиард теңгеге жуық. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да  3  миллиард теңге көлемінде қарыз. Ал қалған 4 млрд өзге аймақтарға тиесілі.