Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы екі жылда 100-ден астам қазақстандық ұшқыш шетелге кетіп қалды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2017
  • 5262

Соңғы екі жылда қазақстандық 100-ден астам тәжірибелі ұшқыш шетелге кетіп қалған. Сондықтан Азаматтық авиация комитеті елімізге посткеңестік елдердің пилоттарын тартуға мәжбүр. Ал авиация академиясын тәмәмдаған ұшқыштар жұмыссыз жүр. Мұның себебі не? Тілші тарқатады

Астана Азаматтық авиация академиясын тәмамдаған түлектің бірі қазір барда жұмыс істеп жүр. Әуе компанияларының "қара тізіміне" ілікпеу үшін ол бет-жүзін көрсетуді қаламайды.   

40-қа жуық студент бітірдік. Қазір соның 10-ға жуығы ғана жұмыс істеп жүр. Оның өзі таныс арқылы немесе әке-шешесі авиациялық қызметте жұмыс жасайтындар.  Тәжірибемді 200 сағат Испания, Чехияда оқыдым. Әке-шешеме өте қиын болды. Несие алды. 

Ұшқыш болу қомақты ақшаны керек етеді. Мәселен, әуе компаниялары инструменталды рейтингті талап етеді. Оқуды тәмәмдаған әр түлектің рейтингі болады. Бірақ бір жылда жұмысқа орналаспасаң, ол жарамай қалады. Қайта оқып шығу үшін 1,5-2 миллион теңге керек. Белгілі бір ұшақта машықтануға да қаржы қажет. Мысалы, Boeing-737-ні басқарып үйрену құны 8 мың еуро шамасында.

Алайда, академия басшыларының уәжі басқа. Түлектердің жұмысқа орналасуында  айтарлықтай қиындық жоқ, көрсеткіш 2015 жылы 87, ал 2016 жылы 84 пайызды құрады, дейді маман. 

Сәлиақын Кәріпбаев, Азаматтық авиация академиясының кафедра меңгерушісі:

Жұмысқа орналасу жағын үнемі тексеріп, информация жинап отырамыз. Сондықтан қазіргі таңда 56 курсант бітірсе, айттым ғой, сол 56-сының 49-ы ғана жұмыста. Қалғандары басқа жұмыстар істеп жатқан көрінеді. Академияда біз барлық ұшақтар түрін қамти алмаймыз. Авиакомпанияларда. мәселен. неше түрлі ұшақтар бар. Боинг дейміз, эйрбастар дейміз, тағыда басқа ұшақ түрлері көп. Қосымша сол ұшақтарға байланысты оқудан өтуі керек.

Астана қазақстандық ұшқыштардың көбісі қазір Қытай, Вьетнам, Біріккен Араб Әмірліктері, Тайланд әуе компанияларына жұмыс істеуге кетіп жатыр,- дейді азаматтық авиация комитеті өкілдері. Өйткені олардың ұсынатын келісімшарттары тиімдірек көрінеді.

Тоты Әмірова, Азаматтық авиация комитеті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

Жақсы-жақсы ұшқыштар кетіп қалды 100-ден астам ұшқыш кетіп қалды осы бір-екі жылда. Олардың орнына келіп жатқан, міне, ұқыштарымыз, постсоветское пространство деп жатамыз ғой.

Бізде көпжылдық тәжірибесі бар экипаж командирлерінің жалақысы 10 мың, екінші пилоттардың жалақысы 7 мың доллар шамасында. Бірақ шетелдік әуе компаниялары бұдан үш есе жоғары төлейді екен.

Дмитрий Душимов, Құрметті авиатор: 

Қытайлық әуе компаниясы 25 мың доллар төлейді. Вьетнам да өте тиімді жағдай ұсынады.  Сондықтан әлі де ұшқыштар шетке кете ме деген қауіп бар. Олардың орнын кім басады? Академияны тәмәмдаған түлектер жұмыс таба алмай жүр, өйткені итальяндық ұшақтарда жаттығады. Ал ондай ұшақтар қолданыста жоқ. Мемлекеттің араласуынсыз ештеңе шешілмейтін сыңайлы. 

Салтанат Нысанбекова, тілші:

Азаматтық авиация академиясын бітірген әр курсанттың арманы - ұшақтың штурвалын басқару. Алайда, армандарына қанат біткен олардың аспан көгіне қашан көтерілетіні белгісіз. Отандық авиацияның тірегі болар түлектердің ұшағы әзірге қағаз жүзінде ғана самғап тұр. 

Салтанат НЫСАНБЕКОВА