Русский Сайттың толық нұсқасы

Екпінді жел Тобыл өңіріндегі екі мектептің шатырын жұлып әкетті

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2020
  • 1709

Табиғаттың тосын мінезінен Тобыл өңіріндегі бірнеше шаһар мен аудандар жарықтан ажырап, сусыз, жылусыз қалды. Бұл қарлы бораннан кейінгі қаланың көрінісі. Қазір алты бригада электр желісінің үзілген тұстарын қалпына келтіруге жұмылдырылған.

Әнуарбек ҚАСЫМОВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 48 бағдаршамға зақым келген. Шығын есептеліп жатыр, аптаның соңына дейін түгел іске қосылады.

Қостанайда болған қарлы бораннан көптеген көлік иелері де зардап шекті. Қолайсыз ауа райына байланысты қалада  елуге тарта, ал облыста 106 жол-көлік апаты тіркелген. Сегіз адамның көлігіне ағаш құлап, зақым келген.

Раджан АСҚАР, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Қостанай қаласында кешегі ауа райының қолайсыздығына  байланысты көліктерінің үстіне ағаш құлағаны жайлы 8 шағым түсті.Аталған арыздар қарастырылуда,шешім қабылданады.

З. Санай