Русский Сайттың толық нұсқасы

23 мың елордалық 42 мың 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмекке ие болды

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2020
  • 2011

23 мың елордалық тұрғын 42 мың 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекке ие болды. Қала бойынша 170 мыңнан астам азамат өтініш берген. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мамандары республика бойынша, 3 миллионнан астам өтініш түскенін айтты. Алайда ақшалай қолдауға үміткерлер саны шын мәнінде едәуір аз. Өйткені кейбір азаматтар өтініштерді бірнеше мәрте жіберген деді. Бұл - мемлекеттік корпорацияның жұмысын қиындатады деп отыр. Десе де, өтінім жолдағандарға міндетті түрде СМС хабарлама жіберілетінін жеткізді. Жұрт асыға күткен жәрдемақы халықтың есеп-шотына түсе бастаған. Төлем алушылардың қатарында электротехникалық зауыттың қызметкерлері де бар.

Асылхан МАНАТОВ, «АСТАНА» ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

29 наурызда қызметкерлер тізімін жинап, әкімдікке көмек сұрап өтініш жібердік. Екі күн ішінде біздің 130 адам төлемақы алды. Мен Үкіметке, мемлекетімізге алғыс айтқым келеді.

Ғ.Өтемісов