Русский Сайттың толық нұсқасы

Әскери жиынға 3000 мыңға тарта елордалық ерікті өтініш білдірген

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2020
  • 3082

Әскери жиынға қабылданғандарға әскери атақ берілуі мүмкін. Сарбаздардың атақ алу-алмауы жиын кезіндегі көрсеткіштеріне байланысты. Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары Серік Бұрамбаев мәлім етті. Ол: әскери шенді, сарбаздардың өтінішіне сәйкес, жергілікті басқару органдары тағайындайтынын айтты. Серік Бұрамбаевтың айтуынша жиынға шақырылғандар бақылау бекеттерінде арнайы тапсырмалар орындайды. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық өңдеу жүргізу үшін де тартылмақ. Жалпы аталған жиынға 300-ге тарта елордалық өз еркімен өтініш жіберген. Олардың арасынан 100-ге жуығы іріктеліп алыныпты.

Серік БҰРАМБАЕВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕР БАС ШТАБЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған әскери қызметшілер жедел штабтар құрамының жұмысында бұрын жұмыс істеген адамдарды алмастыра алады. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары жағдайға байланысты жиындарды өткізу туралы өз бетінше шешім қабылдайды. Арнайы жиындар шамамен 3 айға созылады.


Ғ.Өтемісов