Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирияда ДАИШ әскерін бастаған қазақстандық командирдің көзі жойылды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2017
  • 2793

Сирияда ДАИШ әскерін басқарған қазақстандық командирдің көзі жойылды. Рейтерстің хабарлауынша, Абу Ислям аль-Казаки Евфрат маңында ұрыс жүргізген лаңкестердің басшысы болған. Ресейлік әскерилер ДАИШ-тың тағы 7 командирі мен 300-дей қатардағы жауынгерін өлтірген. Араларында Солтүстік Кавказдан шыққан 40-шақты азамат болған деген мәлімет тарады.

Ресей қорғаныс министрлігі берген соңғы ақпаратқа сай, террористердің содырларды дайындайтын шыңдау орталығы да жермен жексен болды. Ресей әуе шабуылынан соң лаңкестер біраз техникасынан айырылған. Атап айтқанда, 8 танк, 3 артиллериялық қондырғы, 17 қару орнатылған жол талғамайтын көлік пен қару-жарақ сақталған бірнеше  қойма жойылды.